Ақтөбе қаласының әкімі аулалардағы тазалықты қамтамасыз ете алмай отырған ПИК басшыларын сынға алды

АҚТӨБЕ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының әкімдігінде шаһарды және елдімекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша екі айлық іс-шараны өткізу жөніндегі штабтың отырысы өтті.
None
None

Қала әкімі Ерхан Омаров аулаларды санитарлық тазалау бойынша қанағаттанарлықсыз жұмыстары, тұрғындар мен сыпырушыларды ұйымдастырудағы епсіздігі үшін ПИК-тер мен кондоминиум нысандарының басшыларын қатаң сынға алды. Жекелеген ПИК-тердің штатында аула сыпырушылар жоқ, бірақ оларды жалдауға кететін шығындар пәтерлерге техникалық қызмет көрсету тарифіне енгізілген. Қолданыстағы заңнамаға, абаттандыру және санитарлық нормалар ережелеріне сәйкес, ПИК-тер мен кондоминиум нысандарының басшылары тұрғын үйге қарасты аумақты тазалықта ұстауы тиіс.

Кеңестің қорытындысы бойынша қала әкімі нақты тапсырмалар жүктеді. ПИК төрағалары мен кондоминиум басқарушылары аула сыпырушылардың жұмысын белсендетіп, сенбілікке тұрғындардың басын қосулары тиіс. Оларға аула аумағында, ойын алаңқайында тәртіп орнатып, контейнерлік алаңда да тазалыққа баса мән беру жүктелді.

Соңғы жаңалықтар