14:57, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ақтөбе қаласының үшжылдық бюджеті 34 миллиардтан астам теңгені құрайды
АҚТӨБЕ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Қалалық мәслихаттың кезекті ХХІ сессиясында бүгін депутаттар Ақтөбе қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджетін бекітті. Кіріс және шығыстар бойынша облыс орталығының үшжылдық бюджетінің жалпы сомасы 34 миллиард теңгеден астамды құрайды.

Әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Халима Ізбастенованың айтуынша, 2010 жылдың бюджеті - 10,7 миллиард теңге, 2011 жылдың бюджеті - 11,2 миллиард теңге, 2012 жылы - 12,4 миллиард теңге соманы құрады.
2010 жылға бекітілген қалалық бюджет шығысы 5,9 миллиард теңгені құраса, әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмекке - 1,2 миллиард теңге, абаттандыруға - 1 миллиард теңге, т.б. сома қарастырылып отыр.