18:39, 31 Мамыр 2016 | GMT +5
Ақтөбе кондитерлік фабрикасы инвесторлар іздейді
АҚТӨБЕ. ҚзаАқпарат - Кеңес дәуірінде танымал болған Ақтөбе кондитерлік фабрикасы инвесторға мұқтаж. Кәсіпорын тоқтап тұрғандар тізімінде. Бұл туралы облыстың Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Ермағамбетов баспасөз конференциясында хабарлады.

Кәсіпорынды толықтай сату жағдайы да қарастырылып отыр.
Қазір кәсіпорын цех құрылысына заманауи жабдық сатып алу, жаңа бренд өнім шығаруды қолға алмақ. Бұл үшін 5,4 млрд теңге қаражат керек.
Фабрикадан басқа, тоқтап тұрғандар қатарында «Әдемі» ЖШС, «Актюбсельмаш» зауыты, «Алғабас» ЖШС, «Казкупер» ЖШС, «Керамика» АҚ, «Ак руно» ЖШС, «АктобеСтройИндустрия» АҚ, «Хобас пайпс Казахстан» ЖШС, «Жан АМИ и К» ЖШС, «МТС Трактор» ЖШС, «Ақтөбе Әйнек» ЖШС, «Электрод и К-Ақтөбе» ЖШС, «ЖБИ-30» ЖШС бар.
«Барлық кәсіпорындар кезінде жұмыс істеген. Қазір түрлі себептермен тоқтап тұр. 5 жылдай жұмыс істемей тұрған жобалар да бар. Қазір сайтқа жобалар туралы ақпарат орналастырып, инвесторлар іздеу үстіндеміз», - деді ол.