14:27, 14 Қараша 2012 | GMT +5
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтына жаңа ректор тағайындалды
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтына жаңа ректор тағайындалды.
Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлап отыр.
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Нұрмағамбетов Амантай Әбілқайырұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ректоры болып тағайындалды»,-делінген министрлік мәліметтерінде.