20:00, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Ақтөбе облыстық әділет департаментінде өткен семинардың тақырыбы ? ел Президентінің Жолдауы
АҚТӨБЕ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің халқына арналған «Дағдарыстан – дамуға» атты Жолдауын түсіндіру бойынша бүгін Ақтөбе облыстық әділет департаментінде семинар болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оған қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, жылжымайтын мүлік орталығының, халыққа қызмет көрсету орталығының және сот сарапшылары аймақтық зертханасының қызметкерлері қатысты.Семинарда сөз сөйлеген облыстық әділет департаменті директорының орынбасары Наталья Шәріпова, жылжымайтын мүлік орталығының директоры Темірбек Әбдіхалықов, әділет департаментінің бас маманы Айбек Нұрбаев және халыққа қызмет көрсету орталығының консультанты Ақмарал Мәмбетова Мемлекет басшысының сөздерін жоғары бағалады. Шығып сөйлеушілердің пікірінше, Елбасы орын алып отырған жағдай туралы барлық қазақстандықтарға ұғынықты етіп айтты, әлемдік қаржы дағдарысының келеңсіз көріністеріне қарсы шаралар бойынша басшылықтың іс-қимылдарын айқын түсіндіріп берді.Н.Шәріпованың айтқанындай, жылдың алғашқы екі айы ішінде жасалған жұмыстарға жасалған талдау облыстағы кәсіпорын субъектілерін тіркеудің азаймағандығын көрсетті. Бұл облыстағы кәсіпкерлік белсенділігінің өткен жылғы деңгейде қалып отырғанын білдіреді.Облыстық әділет департаменті сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі, онда кең көлемді түсіндіру жұмыстары көзделген.