Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Елбасы Жолдауы талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бас­тар жол» атты Жолдауы талқыланды.
None
None

Ақтөбе облыстық Мәдениет, мұ­ра­ғаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұқанның төрағалығымен өткен дөңгелек үстелге облыстық Ішкі сая­сат басқармасының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Сұлушаш Хаки­мова, облыстық Жастар сая­саты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Сәбит Мұқанов, «Қазақ и Я» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ақын Ба­зарбай Иманов, облыстық кітапхана қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері және студент жастар қатысты.

Елбасының әрбір Жолдауы өзінің мән-маңызымен ерекшеленеді. Осы жолғы Жолдауда ең бір өзекті мәселелерді қозғап, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктейді. Жұртшылық елімізде жұмыс орын­да­ры­ның көптеп ашылатындығын, жастардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуда тиімді тетіктердің іске қосылатынын, жас отбасылардың баспаналы болуы үшін 1-2 пайыздық несиемен пәтер алуға болатынын естіп қуанып жатыр. «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері Мұрат Мұстафин, Арайлым Нұрбаева, Әсел Шеке, Ақәділ Бекбердиев, Мәдина Арыкбаева жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жаңа Жолдауын қуанышпен қарсы алғандары туралы айтып, «Біз болашақ иесіміз» деген тақырыпта сөз сөйлеп, Жолдау туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауын талқылауда кітапхана қызметкерлері Г.Хамзина, Н.Абраменко, Қ.Райым­құлова және т.б. өз ой-пікірлерін білдіре отырып, «Нұрлы жол» - болашақты бағдарлап, ұлы мақсаттарға жетелейтін маңызды құжат екендіктерін жеткізді. Кітапхана директоры Несібелі Жұмағұл «Болашақтың бағдары» тақырыбында баяндама жасап, Мәңгілік Ел болу үшін жас ұрпақ азат ойлы, терең білімді болуы керектігін айта келе, «...Елбасының Жолдауы бізге үлкен серпіліс беріп, еңбек етуге деген құлшынысты арттырады» деп шараны қорытындылады.

Соңғы жаңалықтар