Ақтөбе облыстық атқарушы биліктің жемшөп дайындау жөніндегі шаралары оң нәтиже беруде

АҚТӨБЕ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Өңірде бұрын-соңды болмаған құрғақшылықтың салдарынан табиғи жайылымдар мен пішендіктердің қатты зардап шеккені баршаға аян. Бұл проблема малдың алдағы қыстағы жемшөбіне алаңдаған тек ауыл тұрғындарының ғана емес, малды жаппай етке өткізуді ұсынған жекелеген аудан басшыларының да алаңдаушылығын туғызды.
None
None

Дегенмен жағдайды өзінің жеке бақылауына алған Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов бірқатар шұғыл шаралар қабылдады, атап айтқанда, проблемалық мәселелерді республикалық деңгейде шешуді ұсынды, агроөнеркәсіптік секторға облыстық бюджеттен жедел қосымша қаражат аударды, басқа да шаралар қабылдады. Проблемаға дер кезінде назар аудару, жауаптылардан күн сайын мәлімет алу, облыс аудандарын тұрақты инспекциялау сияқты шаралар жемшөптің мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Бүгінде облыс бойынша 120 пайызға пішен қоры жасақталып отыр. Бұл көрсеткіш Қобда ауданында -130 пайызға, Мартөк ауданында -124 пайызға, Хромтау ауданында -123 пайызға орындалған.

Маусым айында сарыуайымды болжам жасалған Қарғалы ауданының өзіндегі жағдай реттеліп отыр, онда бүгінде 100 пайыз пішен дайындалған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Ерсайын Әжібаев жақында аймақ басшысының тапсырмасы бойынша Қарғалы ауданының бірқатар ауылдарын аралап, жемшөп мәселесінің толық дерлік шешілгеніне көзін жеткізіп қайтты.

Осындай жұмыстар облыстың басқа аудандарында да жүргізілуде. Қыркүйектің 30-ында аудан әкімдері мен жемшөп дайындау жұмыстарына жауапты басқармалардың басшыларының қатысуымен өтетін кеңесте осы жұмыстардың нәтижелері тыңдалады.

Соңғы жаңалықтар