Ақтөбе облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды

АҚТӨБЕ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің өкімімен ауыстыру тәртібімен Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Рузия Айдашева тағайындалды.
None
None

Аталмыш басқарманың бұрынғы бастығы Ғани Тасмағамбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Аймақ басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, Рузия Айдашева 1961 жылы дүниеге келген. Ол Алматыдағы Халық шаруашылығы институтын қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Семиглавомарск аудандық бөлімінде есепші ретінде бастады. 2011 жылдың қыркүйегінен бері Ақтөбе облысы бойынша ревизиялық комиссияның төрайымы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум