Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Х.Әбдірайымов 1965 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Алматы облысының Іле ауданындағы «Алма-Атинский совхозының жылыжайында жабдықтаушы шебер қызметінен бастаған. ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде бас маман, бөлім бастығы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президент Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен. 2010 жылдың қаңтар айынан бері - Ақмола облысы әкімінің орынбасары болған.
Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Александр Дубовенко басқа жұмысқа ауысуына - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры қызметіне тағайындалуына байланысты жұмысынан босатылды.