Ақтөбе облысы бойынша ревизиялық комиссия төрағасы тағайындалды

АҚТӨБЕ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 13-сессиясының шешімімен Сағат Еңсегенұлы Ақтөбе облысы бойынша ревизиялық комиссия төрағасы қызметіне тағайындалды.
None
None

Сағат Еңсегенұлы 1958 жылы туған. Мамандығы - экономист, экономика магистрі.

Аудандық және облыстық қаржы органдарында әртүрлі қызметтерді атқарған. 2002-2004 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары болды. 2004 жылдың шілде айынан бастап Ақтөбе облысы қаржы басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Ревизиялық комиссияның бұрынғы төрағасы Рузия Айдашева облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы қызметіне тағайындалуына байланысты лауазымынан босатылды.

Соңғы жаңалықтар