19:38, 12 Шілде 2013 | GMT +5
Ақтөбе облысы қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
АҚТӨБЕ. 12 шілде. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің өкімімен ауыстыру тәртібімен «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ басшысы болып Алтын Дәулетова тағайындалды.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алтын Дәулетова 1958 жылы туған. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын мемлекеттік бюджет мамандығы бойынша, Алматы халық шаруашылығы институтын қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.
Қызметтік жолын 1976 жылы Октябрь аудандық қаржы бөлімінің инспекторы болып бастаған. Көп жылдар бойы Октябрь, артынан Мұғалжар аудандық қаржы бөлімдеріне жетекшілік еткен. 1999-2010 жылдар аралығында Ақтөбе облысының қаржы басқармасында әртүрлі басшылық лауазымдарда істеген. 2010 жылдың сәуір айынан бастап облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.