Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының әкімдері мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтады (ФОТО)

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін таңертең «Нұр-ғасыр» мешітінде мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мерекелік Айт намазына қатысты.
None
None

Шара мешітте жергілікті уақытпен таңғы сағат 6.30 басталды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұртшылықты мерекемен құттықтады. «Бүкіл әлемнің мұсылмандары Рамазан айында жүректерін теріс ой мен теріс пиғылдан тазартады. Ораза айт қайырымдылық пен жақсы істерге итермелейді, көмекке мұқтаждарға қолдау көрсетуге, қонақжайлылық пен жомарттыққа бағыттайды», - деді ол.

Аймақ басшысы мұсылман қауымына бақыт, денсаулық, тірліктеріне береке тіледі.

Қала әкімі Ерхан Омаров Ақтөбе жұртшылығын жуырда қалпына келтірілген 100 жылдық тарихы бар қалалық мешіттің халық игілігіне берілуімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар