13:15, 27 Сәуір 2013 | GMT +5
Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотының жаңа төрағасы тағайындалды
АҚТӨБЕ. 27 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Жарлығымен Ырғыз аудандық сотының төрағасы қызметіне Асқар Бисенғали тағайындалды.

Сот ұжымына жаңа басшыны Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов таныстырды.
Облыстық сот төрағасының айтуынша, Асқар Бисенғалидің Байғанин аудандық сотының судьясы ретінде 8 жылдық еңбек өтілі бар.
Бұған дейін Ырғыз аудандық сотының тізгінін ұстаған Рәзия Мырзақұлова Қарғалы аудандық сотының төрайымы қызметіне ауысты.