13:42, 17 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысында 27 ауыл дербестігінен айырылды
АҚТӨБЕ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде облыс мәслихатының кезектен тыс сессиясында өңірдің 50 тұрғыннан аз 27 ауылын жақын орналасқан өзге ауылға қосу мәселесі қаралды.
Депутаттар аталмыш ұсынысты қолдады.
Облыс әкімі аппаратының жетекшісі Константин Петровтың хабарлауынша, аталған ауылдарды тарату туралы ұсынысты Алға, Мәртүк, Ойыл, Қобда және Хромтау аудандарының әкімдері түсірді.
Алты ауылда адамдар мүлдем тұрмайды, ал қалған 21-інде 50-ден аз адам тұрады. «Олардың даму әлеуеті төмен, әлеуметтік нысандары жоқ десе де болады», - дейді К.Петров.
Тұрғындар басқа жерлерге көшірілмейді, заңға сәйкес ауылдың атауы ғана өзгертіледі және ол жақын орналасқан басқа елді мекеннің құрамына енгізіледі.
Облыста осындай тағы 17 ауыл бар, оларға ұдайы мониторинг жасалып отырады.