Ақтөбе облысында 78 мыңға жуық бала полиомиелитке қарсы егілетін болады

АҚТӨБЕ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Жалпы республикадағыдай, Ақтөбе облысында да 0 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы қосымша егу науқаны басталды.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихаты барысында санитарлық дәрігерлер айтты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитет департаментінің бастығы Құралай Қаракеннің айтуынша, қосымша иммундау науқаны 2011 жылдың 3-7 мамыры аралығында өтетін болады.

«0 жас пен 6 жас аралығындағы балалар полиомиелитті тез жұқтырып алуы мүмкін. Ақтөбе өңірі бойынша 77 930 баланы егу жоспарланып отыр», - деп хабарлады Құралай Қаракен.

Соңғы жаңалықтар