Ақтөбе облысында 90-нан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр

АҚТӨБЕ. 28 сәуір. ҚазАқпарат / Самал Ендібаева/ - Бүгін облыстық Достық үйінде Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының активі Қазақстан халқының бірлігі күніне орай дөңгелек үстел өткізді.
None
None

«Тәуелсіздіктің 20 жылдық тарихы - Қазақстан халқының тұрақтылығы, достығы мен келісімінің тарихы. Осы жылдар ішінде біздің елімізде этникааралық және конфессияаралық теңдіктің құқықтық базасы құрылды», - дейді Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жауапты хатшылығының меңгерушісі Жамбыл Баймұханов.

Ж.Баймұханов жиналған халықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтай келе, бұл Қазақстандағы маңызды мейрамдардың бірі екенін еске салды.

«Қазір 90-нан астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатқан Ақтөбе облысында әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешіліп, халықтың әл-ауқаты жақсаруда», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар