17:29, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Ақтөбе облысында ауылдық округтың әкіміне қаржы полициясының қызметкеріне пара берді деген айып тағылды
АҚТӨБЕ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Самал Ендибаева/ - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылының әкімі осы әкімдіктің жетекші маманын қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін 100 мың теңге мөлшерінде қаржы полициясының қызметкеріне пара бергені үшін ұсталды.
Осы екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және аудандық соттың үкімі шығарылды. Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, шұғыл-тергеу іс-шараларының барысында әкімдік маманы ауыл тұрғынына шалғындықтарды бергені үшін одан 30 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алған. Аудандық сот әкімді де, маманды да 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.