Ақтөбе облысында бес мыңдай тұтынушы «көгілдір отынсыз» отыр

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Шалқар ауданында газ құбырынан газдың сыртқа төгілуі салдарынан 14 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын мен бес мыңдай тұтынушы «көгілдір отынсыз» қалып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеше, мамырдың 25-і күні күні сағат 6.40-та «Бұқара-Орал» магистральды газ құбырының Шалқар бөлу стансысындағы айрықтың 8-ші шақырымында 200 мм диаметрлі жоғары қысымды газ құбырынан сыртқа газ төгілген. Оқиға салдарынан 14 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын мен 5 529 тұтынушы газ отынынсыз қалып отыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиға болған аумақ газ желісінен ажыратылды. Сағат 16.05-тегі жағдай бойынша барлық тұтынушыларға газ жеткізіле бастады.
Соңғы жаңалықтар