13:29, 19 Қараша 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысында бір аптада 14 жол апаты болды, 4 адам көз жұмды
АҚТӨБЕ. 19 қараша. ҚазАқпарат - Бір апта ішінде Ақтөбе облысында 14 жол-көлік апаты болды, оларда 14 адам зардап шегіп, 4-еуі қаза болды, деп хабарланды ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Мәселен, 16 қарашада «Самара-Шымкент» тас жолында «ГАЗ 3110» және «ДАФ» жүк көлігі соқтығысты. 53 жастағы «ГАЗ 3110» көлігінің жүргізушісі Хромтау қаласынан Қарабұлақ кентіне бара жатқан. Ол қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты. Орын алған жол-көлік апатының салдарынан жүк көлігінің жүргушісі мен 29 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза болды.
12-19 қараша аралығында Ақтөбе облысы ІІД ЖПБ-ның қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзудың 1978 фактісін анықтады.
Онымен бірге 16 қарашада апта сайынғы «Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі күні» акциясын өткізу барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 271 оқиғасы анықталды.