13:13, 27 Ақпан 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысында бір аптада 9 жол-көлік апаты болды
АҚТӨБЕ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - 21 ақпаннан бастап Ақтөбе облысында 9 адам зардап шеккен 9 жол-көлік апаты болды.

Полицейлер Жолда жүру ережесін (ЖЖЕ) бұзудың 1 376 фактісін анықтады, деп хабарланды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
41 жүргізуші көлікті басқаруға мас күйінде отырғаны үшін, 343-і жылдамдықты асырғаны, 61-і қарсы бағытқа шығып кеткені, 394-і қауіпсіздік белдігін тақпағаны және 165-і көлікті жүргізу барысында ұялы телефонды пайдаланғаны үшін ұсталды.
Сонымен бірге, «Қауіпсіз жол» апта сайынғы акция барысында ЖЖЕ-ні бұзудың 448 жағдайы анықталды, олардың ішінде 120 бұзушылықты жаяу жүргіншілердің өздері жасады.
Сондай-ақ жол полициясы қызметкерлері 2 қылмыстың бетін ашты, олардың бірі ұрлық, екіншісі бұзақылық әрекеттеріне қатысты.