Ақтөбе облысында бір ауысымда 40 адамды қабылдайтын амбулатория ашылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік даму бағдарламалары біртіндеп ауылдағы жағдайды жақсартуда. Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында Алға ауданының Үшқұдық ауылында облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың қатысуымен бір ауысымда 40 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ашылды. Амбулаторияның 1956 жылы салынған ғимараты ескіріп, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуге жарамсыз болған.
None
None

Үшқұдық амбулаториясының жаңа ғимараты «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының 36 млн. теңге көлеміндегі қаражатына салынды. Дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер жаңа ғимаратқа қараша айында көшті. Енді мұндағы қызмет түрлерін шамамен 2,5 мың адам пайдалана алады.

2014 жылы «аймақтарды дамыту» жобасының аясында Үшқұдық ауылында алты көше жарықтандырылды. Жергілікті мектеп-балабақшасының, Мәдениет үйі және орталық көшенің жөнделуі үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Ауылдық округте шағын және орта бизнестің 25 субъектісі жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар