16:29, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Ақтөбе облысында «Допинг» шарасы өткізілді
АҚТӨБЕ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының аумағында 25-29 сәуір аралығында «Допинг» жедел-алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлады бүгін облыстық ІІД брифинг кезінде.

Жедел шара барысында 3 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 7 медициналық қызметші жауапкершілікке тартылуда.
Сақтау ережелері өрескел бұзылғаны үшін 302 есірткілік препараттар тәркіленді, оның ішінде 101 ампула морфий, 19 ампула промедол мен 174 фентонил бар.
Сондай-ақ, 136 ампула психотропты препараттар тәркіленді, оның ішінде 100 ампула реланиум, 22 ампула брюзепам мен 14 ампула натрий оксибутират, сонымен қатар 70 таблетка эланиум бар.