Ақтөбе облысында егін алқабы ұлғайтылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында егін науқаны қарқынды жүріп жатыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егіншілік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Диас Ерғалиевтің сөзіне қарағанда аймақтың ауылшаруашылық құрылымдары техникамен және жанар-жағармаймен толық қамтылған.
None
None

Ақтөбе облысы үшін биыл 6,5 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді.

«Бүгінде 340 мың гектар жерге егін егілді. 20 мамырға дейін аймақта жауын-шашын болды. Қазір ауа райы жақсарды. 10 маусымға дейін егін егу науқанын аяқтаймыз деп ойлаймын», - деді Д.Ерғалиев.
Ағымдағы жылы 560 мың гектардан астам жерге егін егу жоспарланған. Егін алқабы өткен жылғымен салыстырғанда 48,4 мың гектарға ұлғайтылды. 336 мың га дәнді, 176,1 мың га азық, 38,6 мың га майлы дақылдар егіледі. Сонымен қатар, 5,75 мың га жерге картоп, 4,7 мың га жерге көкөніс пен бақша дақылдары отырғызылады.

Соңғы жаңалықтар