20:50, 17 Қазан 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысында иномарка 2 «КамАЗ» көлігімен соқтығысты, 3 адам көз жұмды
АҚТӨБЕ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Кеше «Ақтөбе-Мәртөк» тас жолында 3 адамның өмірін қиған жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Мәртөк кентінен Ақтөбе қаласына бағыт алған «Опель-Вектра» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, «КамАЗ-55111» көлігімен соқтығысты, содан кейін жылдамдық пен қозғалыстың бағытын өзгерте отырып, тағы да бір «КамАзбен» қақтығысты. Орын алған жол-көлік апатының нәтижесінде шетелдік көліктің жүргізушісі мен екі жолушысы алған жарақаттарына байланысты оқиға орнында көз жұмды. Олардың жеке тұлғалары анықтамаған. Бұл факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.