Ақтөбе облысында қайта тіркеуден кейін 112 діни бірлестіктің 89-ы қалды

АҚТӨБЕ. 16 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында қайта тіркеуден кейін қызмет еткен 112 діни бірлестіктің 89-ы қалды.
None
None

Бұл туралы дін істері жөніндегі департаменттің бастығы Бауыржан Есмахан мәлім етті.

- Ақтөбе облысында тек жергілікті діни бірлестіктер мен өңірлік және республикалық бірлестіктердің филиалдары бар, - деді Бауыржан Есмахан.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа заң қабылданбас бұрын облыс аумағында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының 73 филиалы болды. Олардың 62-сі қайта тіркеуден өтті. Тағы да 6 мешіт жаңадан тіркелді.

Қызмет етіп отырған 7 православ шіркеуі де қайта тіркеуден өтті. Сондай-ақ екі католиктік приход және протестант бағытындағы 11 діни бірлестік тіркелді. Олардың бір бөлігі филиал күйінде тіркелді. Жалпы алғанда олардың саны шамамен 2 есе кеміді.

- Қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің құжаттары әділет департаментінің бастамасы бойынша сотқа тапсырылды. Соңғы шешімді де қабылдайтын сол құзырлы мекеме, - деді Б. Есмахан.

Соңғы жаңалықтар