Ақтөбе облысында киік атқан екі браконьер сотталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әйтеке би аудандық соты шілде айының соңында мотоциклмен заңсыз аңшылыққа шығып, бір киікті атып алған екі браконьерді соттады.
None
None

Сотталушылардың қылмыстық әрекеті салдарынан мемлекетке 396 400 теңге көлемінде залал келтірілген.

Әйтеке би аудандық сотының үкімімен олар ҚР ҚК 4-бөлімі, 337-бабының 2-тармағымен айыпты деп танылды және олардың әрқайсысына 2 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды. Олар сондай-ақ 3 жылға дейін аң аулау, аңшылық мылтығын, оқ-дәрі сақтау және иелену құқығынан айырылды. Сотталушылардан келтірілген шығын өндіріліп алынды, олардың қаруы мен көлігі мемлекет есебіне тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар