Ақтөбе облысында «Көлік ұрлығына тосқауыл» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталуда
Облыс ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел алдын алу шарасының барысында 2010 жылдың сәуір айында жасалған автокөлікті айдап кетудің екі дерегі ашылды.
Сәуірдің 19-нан 20-на қараған түні Мирзоян көшесінде орналасқан көп қабатты үйдің ауласынан ВАЗ-21099 маркалы автокөлік ұрланған. Ақтөбе ІІБ криминалдық полицейлері ұрлық жасаған 19 және 24 жастағы екі ақтөбелік азаматты қолға түсірген.
Ұрланған машинаны екеуі Жаңаәлжан элеваторы ауданындағы орман алқабына барып, қосалқы бөліктерін сату үшін бұзған. Сол орман алқабында сәуірдің 30-ы күні ұрланған ВАЗ-2121 «Нива» автокөлігі табылған. Фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тұтқындалғандардың басқа да осы іспеттес қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Сәуірдің 29-нан бастап мамырдың 6-на дейін Ақтөбе облысының аумағында 88 қылмыс пен оқиға болған, оның 81-нің беті ашылды.