11:38, 01 Шілде 2013 | GMT +5
Ақтөбе облысында қоныстандыру колониясының бастығы ұсталды
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Ақтөбе облысында қоныстандыру колониясының бастығы ұсталды.
Бұл туралы ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінен хабарланды.
Оны Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің және ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері анықтады.
Лауазымды тұлға сотталушылардың біріне ұстау режімін жеңілдету түрінде жалпы қамқорлық көрсетті деп күтіктелуде.
Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары қолға алынды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат таратылмайды, деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметінен.