Ақтөбе облысында мектеп-балабақша директоры қызметкерлерінен заңсыз 600 мың теңгедей қаржы жинаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 361-бабының 2-бөлігімен азаматша А. қатысты қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.
None
None

Ойыл ауданы «Мектеп-балабақшасы» мемлекеттік мекемесінің директоры азаматша А. мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола тұра, аталған мектеп-балабақшаны аттестаттаудан өткізу үшін сылтаумен мұғалімдер мен қызметкерлерден 585 000 теңге ақша жинап алып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзған. Сонымен қатар, мектеп-балабақшаның өрт қауіпсіздігіне мекеме басшысы ретінде өзіне салынған 29730 теңге әкімшілік айыппұлды шаруашылық меңгерушісі азамат Қ-ға заңсыз төлеткізіп, оның құқықтары мен заңды мүдделерін аяққа басқан.

Сот үкімімен азаматша А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 361-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, білім беру саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар