Ақтөбе облысында нанның бағасы қымбаттамайды - өңір әкімі

АҚТӨБЕ. 27 шілде. ҚазАқпарат - 2012 жылдың құрғақшылығы мен егіннің шықпай қалуы 1-сұрыптағы нанның бағасына әсер етпейді, Ақтөбе облысында келесі егінге дейін қымбаттамайды.
None
None

Бұл туралы бүгін мәслихаттың сессиясында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. 

Белгілі болғандай, биыл Ақтөбе облысының егістік алқаптарының құрғақшылыққа тап болуы салдарынан шаруа қожалықтарының басым бөлігі шығынға батты. 

Өңірдің ерекшелігін ескере келе, әрі қарай 2015 жылға дейін егістік алқаптарының әртараптандырылуы жалғасады. Әкімнің сөзіне қарағанда, 2015 жылға қарай бидайға бөлінетін жер 350 мың гектарды құрайды, арпа егуге 150 мың гектар қарастырылған. Барлық жұмыстар сулы ресурстарды сақтау технологиялары бойынша өткізілетін болады. Бұл мақсаттарға облыс әкімі Қостанай облысынан академик Владимир Двуреченскийді өзінің кеңесшісі қызметіне шақырды.

«Келесі егінге дейін 1-сұрыптағы нанның бағасы көтерілмейді, 42-43 теңге шамасында сатылатын болады», - деді әкім.

Жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар шаралар қабылданды.

Соңғы жаңалықтар