12:49, 26 Маусым 2023 | GMT +5
Ақтөбе облысында өрт кезінде 13 адам эвуакацияланды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 25 маусым күні сағат 8:26-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы жеке құрамының 16 құтқарушысы мен 5 өрт техникасы жұмылдырылды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің нәтижесінде өрт тараған жоқ, баспалдық арқылы 13 адам, оның ішінде 3 бала эвуакацияланды. Өрт сағат 8:52-де толықтай сөндірілді. Өртің алаңы 10 шаршы метрді құрады», - деп жазды ТЖМ-нан.
Өрттің шығу себебі анықталуда.