18:15, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысында пантамен емдеу орталығы ашылды
АҚТӨБЕ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында пантамен емдеу орталығы ашылды. Ендігі де ақтөбеліктерге пантатерапия алу үшін Алтайға немесе Шығыс Қазақстанға бару міндетті емес.
Пантамен емдеу орталығын облыста бекіре тұқымдас балық өнімдерін дайындаумен танымал болған «Ардағым» шаруа қожалығының басшысы Қали Ысмайылов ашты.
Қ. Ысмайылов пантамен емдеу орталығы үшін 10 орынға арналған 2 қабатты үй салды.
«Медициналық персонал мен қажетті жабдықтар қамтамасыз етілген, кәсіпкер емделушілерді 2012 жылдың қаңтар айынан бастап қабылдамақ ниетте», - деді экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Жанылсын Ысмағұлова.