17:39, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысында пара алу фактілері бойынша қылмыстық істердің саны үш есеге артты
АҚТӨБЕ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда пара алу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны үш есеге артты, деп хабарлады аймақтық қаржы полициясының баспасөз қызметінен.

Осылайша, ағымдағы жылдың 6 айында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жемқорлыққа қатысты 50 қылмыстың басын ашты, олардың жартысы пара алу фактілері болып табылады.
Мысалға, Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының бас маманына қатысты қылмыстық іс тергелу үстінде, ол жеке кәсіпкерден әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін одан 30 мың теңге көлемінде пара алды.
Қаржы полицейлері сондай-ақ жүйелік жемқорлықтың 9 фактісін анықтады.
Мәселен, Хромтау ауданы бойынша салық басқармасының бастығына қатысты оның заңды және жеке тұлғалардан әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін олардан 20-25 мың теңге көлемінде параларды алу фактілері бойынша қозғалған бірқатар қылмыстық істер тергелуде.