Ақтөбе облысында шетелдік көліктің жүргізушісі 9 жасар баланы қағып кетті

АҚТӨБЕ. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында демалыс күндері адам өлімімен аяқталған екі жол-көлік апаты орын алды.
None
None

Жексенбі, 14 сәуір күні Қандыағаш қаласында «Мазда» көлігінің 20 жастағы жүргізушісі жолдағы метеорологиялық жағдайды ескермей, көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың жиегіне шығып кетіп, екінші сынып оқушысы, 9 жастағы ұл баланы қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан кәмелетке толмаған бала алған жарақаттарынан ауруханаға жетпей жан тәсілім етті.

Екінші жол апаты Қобда ауданы «Самара-Шымкент» тас жолында Қобда кентінен 4 шақырым жерде болды. «Ауди» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі де жолдағы ауа райы жағдайына мән бермей, көліктің жыраға аударылуына жол берді.

Оқиға салдарынан 48 және 60 жастағы екі жолаушы сол жерде көз жұмды. Жүргізуші мен 50 және 61 жастағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Екі жағдайда да көлік жүргізушілерінің ащы су ұрттамағаны анықталды. Бүгінгі таңда жол-көлік апаты фактілері бойынша тергеу жұмыстары қолға алынды.

Соңғы жаңалықтар