Ақтөбе облысында шикізаттық емес экспортты күшейту қажет - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары

АҚТӨБЕ. 2 қазан. ҚазАқпарат - "Ақтөбе облысын индустрияландыру жақсы қарқында дамып келеді. Сонымен қатар, аймақ шикізаттық емес экспортты күшейтуі керек. Әр аяғынан нық тұрған кәсіпорын 10-20 пайыз өнімді экспортқа шығару міндетін қоюы тиіс", - деп тілегін білдірді журналистерге арналған брифинг барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әсет Исекешев.
None
None

"Президентіміз аймақтардың алдына қойған басты міндет - экономиканы дамыту. Жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту қажет. Және тағы бір міндет - экспортқа шығу: ең жақын нарыққа, Ресейдің шекара маңындағы аймақтарға шығу, сауда жасап үйрену, бірлескен кәсіпорындар құру керек" ,- деген сенімде Ә. Исекешев.

"Біз бірлескен жобаларды дамыта аламыз, шетел технологияларын тарта аламыз, сауданы дамыта аламыз. Логистика да маңызды", - деп ескертті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар