16:17, 05 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысында «ТКШ-ны жаңғырту» бағдарламасы бойынша бөлінген барлық қаражат игерілді
АҚТӨБЕ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Керамика» АҚ зауытына барған соң ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев Хромтау қаласында «ТКШ-ны жаңғырту» бағдарламасы бойынша жөндеуден өткізілген көпқабатты үйлерді аралады.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Ерлан Білиевтың хабарлауынша, 2012 жылы Ақтөбе облысының үш қаласындағы үйлерді жөндеуге 812,5 млн. теңге бөлінді. Бірінші тетік бойынша облыс орталығында кондоминиумдардың 15 нысаны жөнделді, 25 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды, соның ішінде Ақтөбе қаласында 18 үй, Хромтау моноқаласындағы 5 үй және Қандыағаш қаласында 2 үй бар.
Екі тетік бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, ағымдағы жылға бөлінген барлық қаражат игерілді, 2013 жылға қарастырылған қаражатқа 60 үйді жөндеу жоспарлануда.