13:11, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысында тыныс органдарының дерттеріне шалдығу төмендеді
АҚТӨБЕ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында тыныс органдарының өткір вирустық ауруларымен ауыру көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда біршама төмендеді.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау департаментінің бас маманы Гүлжан Маханованың айтуынша, тыныс органдарының дерттеріне шалдығу 2011 жылға қарағанда 1,1 есе төмен. Негізінен бұл диагноз облыс орталығының тұрғындарына қойылған болатын.
Жалпы алғанда облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай 2012 жылдың алғашқы аптасы бойынша тұрақты болып келеді.