Ақтөбе облысында үш жылдың ішінде 33 мектеп ашылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе маңындағы Ақжар 2 кентінде 320 орынға есептелген №49 орта мектеп ашылды. Жаңа білім ошағында осы кентте тұратын 400 оқушы білім нәрімен сусындайтын болады.
None
None

Аумағы 1000 шаршы метрді алып жатқан үшқабатты ғимарат республикалық бюджет қаржысымен салынды. Оның жобасының құны 421 млн. теңгені құрады. Мектепте асхана, спорт, акті және оқу залдары бар, Интернетке қосылған.

Мектеп директоры Ерік Нұрмаханға символикалық кілтті ТОО «Әлихан Ойл» ЖШС директоры Зілқожа Қожаев тапсырды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа оқу жылының басталуымен және мектептің ашылуымен құттықтады.

«Соңғы 3 жылдың ішінде облыстағы білім саласын қаржыландыру 20 пайызға артып, 55 млрд. теңгеден астам қаржыны құрады, 33 мектеп тапсырылды, сондай-ақ апаттық жағдайдағы 17 мектептің мәселелері шешілді. Ал ағымдағы жылы Заречный-4 кентінде, 12 шағынауданда және Ойыл ауданында білім ошақтарын бітіруді көздеп отырмыз. Білім саласындағы 68 нысанға күрделі жөндеу жүргізу үшін 2,5 млрд. теңге бөлінді. Сондай-ақ бұл қаржы мектептердің материалдық жағынан қамтамасыз етуге де жаратылады.

Ең бастысы, осынау жарқын істер өз жетістіктерін көрсетті. Өткен жылы облыс ҰБТ қорытындысы бойынша Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші орынды еншіледі. Бұл ұстаздарымыздың қажырлы еңбегінің жемісі»,-деп атап өтті облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар