Ақтөбе облысында жедел жағдайды сауықтыру бойынша іс-шаралар болып өтті

АҚТӨБЕ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Ақтөбе облысында үш күн бойы жедел жағдайды сауықтыру бойынша алдын алу шаралары өтті. Олардың нысанына қамаудан шыққан адамдар, спирттік ішімдікке салынғандар, нашақорлар, тізімде тұрған кәмелеттік жасқа толмағандар түсті.
None
None

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде осындай мақсатты алдын алу шаралар нәтижесін беретіндігі, олар өткен аудандардағы жедел жағдайлар белгілі бір дәрежеде жақсарғандығын хабарлады. Үш күн ішінде ішкі істер органдарына 1 329 адам, оның ішінде 278 жасөспірім әкелінген. Полиция қызметкерлері тізімге 408 адам алып, оның 39-ы шартты түрде, мезгілінен бұрын босатылды.

Қоғамдық жерлерде мас күйінде ұсталған 636 адам әкімшілік жауапқа тартылып, оның 122-сі медициналық айықтырғыш мекемелеріне жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар