Ақтөбе облысында жол апатында екі адам опат болды
Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Алға қаласынан бет алған «ВАЗ 21154» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, тізгінінде Қандыағаш қаласының 24 жастағы тұрғыны отырған «ВАЗ 21144» машинасымен соқтығысты.
Жол апатының салдарынан бірінші көліктің 57 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тәсілім етті. Тағы бір жолаушы Алға қаласының орталық ауруханасына жеткізілді, бірақ алған жарақаттарына байланысты жан тапсырды.
Екі жүргізуші де «бас сүйек-миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы, көкірек қуысының зақымдалуы, құрсақ қуысы ағзаларының зақымдалуы» диагнозымен Алға қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді. «ВАЗ 21154» машинасының екі жолаушысы да осындай диагноздармен емдеу мекемесіне жатқызылды.
Сараптама нәтижесі бойынша, соқтығысу барысында екі жүргізуші де алкогольді пайдаланбаған.