10:09, 23 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша шағын несиелерді алушылар тізімі жасалды
ТӨБЕ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша шағын несиелер беру, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту, халықты кәсіпкерлік негіздеріне үйрету жұмыстары жүргізілуде.

Облыстың әкімдіктегі кеңесте облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова айтқандай, бүгінгі күні қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтары несие алушылардың тізімін жасады және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жүргізуге қажетті жобалар айқындалды.
Аудандар әкімдеріне бағларлама ауқымында ифрақұрылымдық қолдау және несиелер алу үшін әлеуетті заемшілермен бизнес-жобалар жасау жөнінде тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.