Ақтөбе облысында жыл басынан бері 40 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілікке тартылды

«Ақтөбе облысының прокуратурасында алқа мәжілісінің отырысы өтіп, онда 2015 жылдың 1-жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Жалпы, өткен алты айда облыс прокуратурасы органдарының жұмысы заңдылық жағдайын талдау нәтижелері және прокурорлардың араласуын қажет ететін «тәуекел белдеулерін» анықтау негізінде қалыптасты. Қадағалау актілері бойынша мемлекет кірісіне жалпы сомасы 3,6 млрд. теңгені құрайтын шығын қайтарылды, жалпы сомасы 4,7 млн. теңгені құрайтын әкімшілік айыппұлдар өндіріліп алынды», - делінген баспасөз баянында.
Атқарылған шаралар нәтижесінде, 1200-ден астам жұмысшыға қатысты жалпы сомасы 204,6 млн. теңге еңбекақы бойынша берешек өтелген.
Бұдан бөлек, 2015 жылдың 6 айында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында жұмылдыру тобына келіп түскен дабылдар саны - 35 болса, олардың 17-сі расталған. Нәтижесінде 20 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 16 тұлға жауапқа тартылып, 3 дерек бойынша қылмыстық қудалау басталды.