13:16, 14 Қараша 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысында жылқыны қаққан көлік жүргізушісі оқиға орнында мерт болды
АҚТӨБЕ. 14 қараша. ҚазАқпарат - «Покровка-Жаңажол» көлік жолында өлімге әкеліп соқтырған жол апаты орын алды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
«Тойота Карина» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі Саға кентінен Кеңқияқ кентіне қарай сапарға шыққан. Жолда ол жылқымен соқтығысып, соның салдарынан көлік жарға аударылды. Жүргізуші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның 21 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге орай тергеу амалдары жүргізілуде.