Ақтөбе облысындағы аймақтық үйлестіру кеңесі 91 жобаны мақұлдады

АҚТӨБЕ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - 2010 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы іске асырылғаннан бері Ақтөбе облысындағы аймақтық үйлестіру кеңесі жалпы сомасы 17,9 млрд. теңгеге 91 жобаны мақұлдады.
None
None

«Даму» КДҚ» АҚ бөлімшесінің бас менеджері Берік Нұрғалиевтің айтуынша, 20 ақпанда бағдарламаның «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» атты бірінші бағытымен пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бойынша жалпы сомасы 15,2 млрд. теңгеге 90 жоба мақұлданды. Кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіру бойынша - 604,3 млн. теңгеге 4 жоба, «Кәсіпкерлердің валюталық қатерлерін төмендету» атты үшінші бағыты бойынша - 2,7 млрд. теңгеге 1 жоба мақұлданды. 

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап төленген қаржының жалпы сомасы 605,86 млн. теңгені құрады.

Бұл бағдарлама бойынша жаңа жобаларды іске асыру есебімен 2011 жылы Ақтөбе облысында 657 жаңа жұмыс орны құрылды.

Өткен жыл қорытындылары бойынша бағдарлама қатысушыларынан келген салық түсімдері 37 пайызға көбейіп, төленген салық сомасы 2,1 млрд. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар