Ақтөбе облысындағы компьютер клубтарының басым бөлігі санитарлық нормаларды сақтамайды

АҚТӨБЕ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың төрағалығымен өткен кәмелеттік жасқа толмағандар ісі мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысында аймақ аумағында жұмыс істеп келе жатқан 28 компьютерлік клуб пен интернет-дәмханалар қызметіндегі көптеген заң бұзушылық фактілері айтылды
None
None

Олардың ішінде 7 клуб қана барлық санитарлық талаптарды сақтаған. Ал қалғандарына қатысты бір келушінің алатын аумағы, жиһаздардың талапқа сай еместігі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесі бекіткен құжаттың, санитарлық күәліктің, қызметкерлерге арналған жеке бөлмелердің жоқтығы сияқты заң бұзушылақтар анықталды.

Ақтөбе облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Құралай Әлжанованың айтуынша, кәмелеттік жасқа толмағандары ісі мен олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның тапсырмасы бойынша балалардың демалу орындары жоспардан тыс тексерілген.

Комиссия отырысына компьтерлік клубтың иелері, сондай-ақ Ақтөбе облысы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Соңғы жаңалықтар