Ақтөбе облысының әкімдігі, кәсіподақтар және бизнес-құрылымдары арасында әлеуметтік әріптестік туралы келісімге қол қойылды

АҚТӨБЕ. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбе облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар кеңесі және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының филиалы Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы арасында үшжақты Әлеуметтік әріптестік туралы келісімге қол қойылды.
None
None

Әлеуметтік-еңбек қатынастардың ортақ және оларды іске асыру бойынша бірлескен іс-қимылдар принциптерін белгілейтін келісімге Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Түрікпенбай Айжарықов, «Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Асхат Айтжанов, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Ақтөбе облыстық филиалының директоры Асқар Садықов қол қойды.

Сөйтіп тараптар лайықты еңбек ету және лайықты еңбекақы алу үшін қолайлы жағдайлар жасау, қызметкерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу есебінен кедейшілік ауқымын қысқарту, қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін арттыру, еңбек өнімділігі өсуін қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі жүйесін жетілдіру жөнінде өздеріне міндеттеме қабылдады.   

Соңғы жаңалықтар