19:01, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысының әкімдігі мен «ҚазАгро» ҰБХ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
АҚТӨБЕ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы филиалының ғимаратында аймақтың агроөнеркәсіп кешенінің 2011 жылы дамуы қорытындыларына арналған кеңес болып өтті.

Кеңеске облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның басқарма төрағасы Берік Бейсенғалиев, «Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің бас директоры Валентин Двуреченский, Ақтөбенің және облыс аудандарының әкімдері, мемлекеттік құрылымдардың жетекшілері қатысты.
Б.Бейсенғалиевтың айтуынша, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жобаларды 900 млрд. теңгеге қаржыландырды, соның ішінде 2011 жылы республиканың АӨК-не 235 млрд. теңге бөлінген еді. Ақтөбе облысында да ауыл шаруашылығы саласының қаржыландырылу өсімінің жақсы серпіні байқалуда.
Шара барысында Ақтөбе облыстық әкімдігі мен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның ынтымақтастық, сондай-ақ Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында элеваторлық кешеннің құрылысы туралы меморандумға қол қойылды.