Ақтөбе облысының әкімі Еуразиялық банктің басқарма төрағасымен кездесті

АҚТӨБЕ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов аймаққа сапармен келген «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Майкл Эгглтонмен кездесті. Кездесу барысында Эгглтон мырза айтып өткендей, ол банктің филиалдарын танысу мақсатында аралап жүр. «Істің жағдайымен танысу, бизнес пен атқарушы билік органдарының өзара іс-қимылға деген ықыластарын бағалау керек», деп атап көрсетті ол өз сөзінде.
None
None

Еуразиялық банк Қазақстандағы сыртқа қарызы жоқ жалғыз банк болып табылады. Қарапайым акцияларды сатудың есебінен жарғылық капиталын 9 миллиард теңгеге арттырған банктің ликвидтілік деңгейі жоғары. Еуразиялық банк «Даму» қорымен және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен тығыз ынтымақтастықта және шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы бірқатар бағдарламаның мүшесі болып табылады. Банктің дағдарысқа қарсы бағдарламалар бойынша игерген қаржысының жалпы сомасы 35 миллиардтан астам теңгені құрайды, 500 миллиондай теңге сома әйелдер кәсіпкерлігі бағдарламасы бойынша игеріліп отыр.

Ақтөбе облысының басшысы өз кезегінде Эгглтон мырзаны облыстың дамуы, оның көпсалалы экономикасы және инвестициялық мүмкіндіктері туралы қысқаша хабардар етті. Және Еуразиялық банктің Ақтөбе облысында өз орнын табатындығына сенім білдірді.

Елеусін Сағындықов пен Майкл Эгглтон ықтимал экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Еуразиялық банк Ақтөбе облысында түйетауық өсіретін құс кешенін салу жобасын қарастыруда. Сонымен қатар тараптар басқа да жобаларды, оның ішінде, әлеуметтік мазмұндағы жобаларды да талқылады.

Соңғы жаңалықтар