Ақтөбе облысының әкімі Нұрпейіс Байғаниннің 150 жылдығын тойлау шараларына қатысты
Елеусін Сағындықов бірінші ат басын тіреген нысан Н.Байғанин атындағы аудандық Мәдениет үйі болды. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл мақсатқа 19 миллион 815 мың теңге бөлінген. Бұл ақшаның 13 миллион 205 мың теңгесі- республикалық бюджеттен, 3 миллион 305 мың теңгесі- облыстық бюджеттен, тағы 3 миллион 305 мың теңге - аудандық бюджеттен қарастырылған.
Әкім сондай-ақ Мәдениет үйі ғимаратының алдына орнатылған Нұрпейіс Байғаниннің ескерткішіне гүл қойды. Осы жерде, Мәдениет үйінің алдындағы алаңда аудан тұрғындары мен қонақтарын халық ақынының мерейтойымен құттықтады және мерейтой аясында өтіп жатқан «Арқалы жырау жырласын» конкурсының қатысушыларына сәттілік тіледі.
Темір ауданында әкім сондай-ақ биыл салынған 75 орындық «Қарлығаш» балабақшасында, «Маерск Ойл Қазақстан» компаниясы 2002 жылы құрған отбасылық тұрпаттағы балалар үйінде, «Дүние» гуманитарлық-техникалық колледжінің жанындағы Темір аудандық оқу-консультациялық кеңесінде және Шұбарқұдық гимназиясында болып, олардың жағдайымен тансты.
Елеусін Сағындықов сондай-ақ Қопа ауылындағы жаңа селолық клубтың ашылуына қатысты. Әкім жұмыс сапарының қорытындысы бойынша сондай-ақ халықпен кездесуі өткізді.