13:38, 06 Тамыз 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысының әкімі облыстық және қалалық мешіттердің имамдарына қызметтік пәтерлердің кілттерін тапсырды
АҚТӨБЕ. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ақтөбе қаласының және аудан имамдарымен кездесті.

Кездесу барысында әкім Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Әбдумүтәлі Дәуренбековке, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб-имамы Сансызбай Шоқановқа, қалалық мешіттің имамы Бақытбек Тәжімбетовке қызметтік пәтерлердің кілттерін табыстады.
Облыс әкімі имамдар мен діни қызметкерлерді қасиетті Рамазан айымен құттықтап, аймақтың діни саласында бірлік пен тұрақтылықты нығайту, облыс тұрғындары арасында рухтандырушылық және діни білім бойынша жұмыс өткізілгенін атап өтті.